ҚР Сыртқы істер министрлінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, жол апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматы әйел адам. Аты-жөні Наргиз Тасибаева.
"Жол апаты 23 маусым күні түнде болған. 1983 жылы туған Наргиз Дубайда шаштараз болып жұмыс істеген. Оның туыстары Өзбекстанда тұратыны анықталды, ал өзі Қазақстан азаматы. Жақын арада оның мәйіті елге жеткізіледі", - деді министрлік өкілі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу