Оманнан қайтып келе жатқан туристік автобус Дубайда жол-көлік оқиғасына тап болып, 15-тей адам қайтыс болды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Оқиға бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 18.00-де Зайд шейхі тас жолынан шыға бергенде болған. Автобуста Оманға Ораза айт мерекесіне барған туристер болған. Автобуста әртүрлі ұлт өкілінен жиналған 31 адам болған. Белгісіз себептеге байланысты автобус жол белгісіне барып соғылған.
Қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың барлығы Рашид госпиталіне жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, деп хабарлайды БАҚ.
Жолаушылардың азаматтығы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу