Дұғаның арқасында қарсыластарым кішкентай болып көрінді – Елдос Сметов

2766

Дзюдошы қарсыластарымен күрескен сәтті есіне алып, ағынан жарылды.  

Дұғаның арқасында қарсыластарым кішкентай болып көрінді – Елдос Сметов Фото: Бейнежазбадан

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің дұға-тілек туралы айтқан сөздері әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Олимпиадада қазақ еліне алтын сыйлаған Елдос Сметов жарыс жолында жеңіске жеткені дұғаның арқасында екенін айтады.

"Олимпиадада дұғаның қабыл болғанын сезіндім. Қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді. Мен оларды ұстағанда оңай жеңіп алатындай көрініп тұрды. Алла сонда анау қарсыластарымның мысын басып қойды. Сондықтан біз үшін дұға жасаған ата-анамызға Алла разы болсын.  Ата-ананың қадірін түсінген адамға Алланың разылығын алу қиын емес", - дейді Елдос Сметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу