Дүйсенова зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді

999

Дүйсенова зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зейнетақы мен бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны ұлғайту туралы тапсырмасына орай түсініктеме берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Зейнетақыны 20 пайызға көтеру туралы тапсырма берілді. Сөз  ынтымақты зейнетақы жайында болып отыр. Қазір біз 1 қаңтардан бастап 9 пайызға көтереміз. 1 шілдеден тағы да 11 пайызға көтеріліп, толықтай алғанда жылына 20 пайыз болады. Бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы бойынша біз 1 қаңтардан 7, ал 1 шілдеден 13 пайызға көтеріп, толықтай алғанда 20 пайыз болады", – деді министр.

Сонымен қатар ол ел бюджетінен бұл мақсатқа қанша ақша жұмсалатындығын да нақты түсіндіріп берді.

"Бізде зейнеткерлер 2 млн адам және шамамен 300-400 мың бала бар. Егер, барлығын қосып санайтын болсақ, шамамен 90 млрд теңге қажет. Қазір біз мұны  Қаржы министрлігімен бірге санаудамыз", – деп атап өтті.

Дүйсенованың айтуынша, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау ең төмен күнкөріс деңгейі мен жұмыс өтіліне байланысты тағайындалатындығын ескерте кетті.

Естеріңізге сала кетсек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел Үкіметіне келесі жылдан бастап зейнатақы көлемін 20 пайызға арттыруды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу