Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауылшаруашылығы жүйесін реформалауға грант бөледі

1431

АҚШ астанасы Вашингтонда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауылшаруашылығы жүйесін реформалауға грант бөледі

Нәтижесінде қос тарап ауылшаруашылығын дамытуға қолдау көрсету бағдарламасы (техникалық көмек) бойынша ынтымақтастық туралы уағдаласқан.

"Дүниежүзілік банк мүдделі елдерге олардың ағымдағы саясатын қайта қарау және қайта бағдарлау және ауылшаруашылығын қолдау тұрғысында жүзеге асырылатын және нақты нұсқаларды бағалауға қолдау көрсету үшін техникалық көмек бағдарламасын құрды", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Ербол Қарашөкеев Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесуде 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамытудың ұлттық жобасының басымдықтары негізінде ауылшаруашылығының өсуіне, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға және азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану саласында неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған орнықты аграрлық азық-түлік жүйесін құруды қолдауға бағытталған гранттық қаражат есебінен Қазақстанға 2 жылға есептелген техникалық көмек көрсету мәселелерін талқылады.

"Техникалық көмек шеңберінде халықаралық сарапшылар Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы саладағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, субсидиялау жүйесіне терең талдау жүргізеді, мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары ұсынылады, қаржылық қолдау көрсетуге жәрдем көрсетіледі", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ климаттың өзгеруін, Қазақстанның кейбір бөлігінің қуаңшылыққа  ұшырауын назарға ала отырып, Дүниежүзілік банк оның ауылшаруашылығына әсерін азайту, басқару және салдарын жұмсарту бойынша тиімді стратегия әзірлеу жөнінде бірқатар ұсыным әзірлеген.

Қазақстандық тараптың сендіруі бойынша бұл ұсынымдарды барлық мүдделі органның тарапынан мұқият зерделенеді.

Қос тарап техникалық көмек шеңберінде оң нәтижелерге қол жеткізуге бейілділігін растаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу