ДЖДҰ Жамбыл облысын аусылдан таза аймақ деп растады

628

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанның 5 өңірінің аусылдан таза аймақ деп растады. Оның ішінде Жамбыл облысы да бар.

ДЖДҰ Жамбыл облысын аусылдан таза аймақ деп растады Фото: agroqogam.kz

Ұйымның жануарлар аурулары жөніндегі ғылыми комиссиясы жыл сайын ресми түрде аусылға қауіпті елдер мен аусылсыз аймақтарды қайта қарап, оң-теріс нәтижесіне растау жүргізеді. Қарау қорытындылары бойынша еліміздің Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының мәртебелері аусылдан таза аймақ деп расталды.

Жамбыл облыстық ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Талғатбек Алтынбектің айтуынша, өңірде аусылмен ауырған малды өріске жібермей, ауру малдан алған өнімдердің қозғалысына шектеу қою, яғни "жабық үлгідегі" кәсіпорын" режімін орнату өз нәтижесін беріпті. Аймақта төрт түлікті аусылға қарсы вакцинациялау тұрақты жүргізілген.

"Жануарлардағы аурудың алдын алу – бұл санитарлық-ветеринарлық шаралар: оқшаулау, карантин, кейде мәжбүрлі сою. Инфекция қаупі төнген кезде жануарларды белсенді түрде вакцинациялау қажет. Ошақтардағы дезинфекция көң биотермиялық әдіспен жүргізіледі. Аусылмен ауыратын малға күтім жасайтын қызметкерлер барлық жеке қорғаныс шараларын қатаң сақтауға міндетті: қолғаппен жұмыс істеу, ауру жануарлармен жұмыс істегеннен кейін қолдарын дезинфекциялау және т.б", - дейді Талғатбек Алтынбек.

Мамандар жыл басынан бері облыста ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспары бойынша 150538 ірі қараға, 739242 ұсақ малға, 400 шошқаға аусылға қарсы вакцина салынғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу