Джеки Чан қазақстандық киноға түсу үшін 600 мың доллар сұраған

479

Алайда оның жоспарларына сәйкес келмей, киноға түспейтіндігін айтқан. 

Джеки Чан қазақстандық киноға түсу үшін  600 мың доллар сұраған Фото: Спорт Экспресс

Бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларында "Хотя бы кинода 3" фильмі жарық көреді. Аталған киноның актерлері Динара Сәтжанның "DS Show" бағдарламасында түсірілім барсындағы қызықты оқиғалармен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кино түсірілімі басталмас бұрын фильм продюсері Нұргүл Даубаева белгілі актер Джеки Чанның Қытайдағы байланыстарына шықты. Ол бір сахнаға 600 мың доллар сұраған. Бірақ ол кісі күнтізбесі түсірілім уақытына сәйкес келмеді. Өйткені бір жылға алдын ала жоспар құрып тастаған", - дейді фильм актері Қайрат Әділгерей.

Сондай-ақ, актер Қанат Әлжаппаров қытайларда жұмысын тастап бір күнге келе салу деген жоқ екенін айтады. Олар тек белгіленген жоспар бойынша жүреді. 

"Інішектерді қолдап жіберейік деген қазақы түсінікті Джеки Чанның бойынан кезіктірмедік", - дейді Қайрат Әділгерей. 

Айта кетейік, аталған фильмге Джеки Чаннан басқа да қытай актерлері түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу