АҚШ-тың танымал поп-жұлдызы Дженнифер Лопестің елордадағы концерті 1 тамызға жоспарланған. Концерттен ел бюджетіне 400 млн теңге түседі деп күтіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасеновтың сөзінше, танымал әншінің концертіне 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде.
"Дженнифер Лопестің келуі Астананы А санатындағы жұлдыздардың гастрольдік картасына енуніе жол ашатын тарихи сәт болмақ. Күтілетін экономикалық әсерге тоқталар болсақ, біз сырттан 15 мыңнан астам турист келеді деп күтіп отырмыз. Қала экономикасына жалпы үлес – HoReCa жүйесіне 6,5 миллиард теңге, концертті өткізуден 400 миллион теңге тікелей салық түсімдері түседі", - деді Хасенов Үкімет отырысында.
Айта кету керек, осыған дейін әлем жұрты танитын әйгілі әнші Астанаға келетінін жазғанбыз.