Джонсон Ұлыбританияның ЕО-дан 31 қазанда шығатынын кесіп айтты

977

Ел премьер-министрі алдағы уақытта Брюссельмен мәмілеге келетінінен үміт білдіріп отыр. Десе де ол Ұлыбританияның келісімсіз-ақ 31 қазанда одақтан шығатынын ескертті. 

Джонсон Ұлыбританияның ЕО-дан 31 қазанда шығатынын кесіп айтты

"Жақын күндері келіссөздер нәтижелі өтсе, мен 17 қазанда ЕО-тың саммитіне барып, Ла-манштың екі жағындағы азаматтар мен кәсіпкерлердің мүддесін қорған, Ирландия мен Солтүстік Ирландияға да тиімді келісімді түпкілікті түрде рәсімдеуге барымды саламын", – деді Борис Джонсон. 

Оның пікірінше, тараптар ымыраға келіп, Ұлыбританияның да, одақтың да мүддесіне сәйкес шешім қабылдануы тиіс. Сондай-ақ Джонсон келісімге келу үшін Лондон мен Брюссель көп уақыт жоғалтып алғанынын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Борис Джонсонның қазан айында мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы ұсынысын Қауымдар палатасы қабылдамай тастаған болатын. Дауыс беру барысында Джонсонның бастамасын 650 депутаттың тек 293-і қолдаған. Дегенмен үкімет басшысы Брюссельмен  Brexit-ке қатысты жаңа келісімге қол жеткізу үшін қолдан келгенді жасайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу