Дзюдошы Зарина Байбатина "күміс" алды

1080

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Дзюдошы Зарина Байбатина "күміс" алды Фото: olympic.kz

70 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы финалда әзербайжандық Дурсадаф Каримовадан жеңіліп, күміс медаль иеленді. Дурсадаф Каримова иппон әдісімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Жанбота Аманжол 90 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Гелиос Лачуманаядан иппонмен ұтылып қалды.

Осылайша парадзюдодан Қазақстан құрамасы үш күміс жүлдені жеңіп алды. Осыған дейін Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет өз салмақтарында екінші орын иеленген.

Сонымен қатар пауэрлифтингтен Давид Дегтярев паралимпиада чемпионы атанған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу