Паралимпиада-2020: Қазақстан төртінші медальді күтіп отыр

1147

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина финалға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Паралимпиада-2020: Қазақстан төртінші медальді күтіп отыр

70 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы жартылай финалда италиялық Каролина Костаны жеңді. Осылайша, ол алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Ал егер қарсыласына жол берсе, күміс медальға ие болады.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынында 3 медаль бар. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын алса, дзюдошылар Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет күміс жүлдеге ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу