Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"ArtSport бағдарламасы бойынша Алатау ауданында 15 500 бала қамтылған. Қызмет көрсетушілердің қарызын өтеу және бағдарламаны жыл соңына дейін жалғастыру үшін қала билігі қосымша 7,3 млрд теңге бөлді", – деді Ерболат Досаев.
Қазіргі таңда Алматыда artsport.edu.kz сайтының дерегінше, үйірмеге 83 мың бала қатысады. Оның 35,5 мыңы спортпен, қалған 47,5 мыңы шығармашылық үйірмелерге қатысады.
Бірер күн бұрын министрлік өкілдері спорт бойынша тапсырыстарға өзгеріс енгізілгенін мәлімдеген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу