Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша спортшысы Ига Швентекпен ойнайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
И. Швентек төртінші айналымда әлемнің 24-ракеткасы хорватиялық Донна Векичті 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде поляк теннисшісі 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Рим мастерс турнирінің өткен жылғы жеңімпазы И. Швентек жартылай финалға шығу үшін қазақстандық Елена Рыбакинамен таласады.
Айта кетерлігі, бұған дейін И. Швентек пен Е. Рыбакина үш рет кездескен.
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-5 үздіктер қатарына енді.