ЕАЭО-да климаттық технологиялар және цифрлық бастамалар банкін құру жоспарланып отыр

502

Сонымен қатар ЕАЭО аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігін енгізу жөніндегі жоба іске қосылмақ. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Жоғары Еуралық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстанға" сілтеме жасап.  

ЕАЭО-да климаттық технологиялар және цифрлық бастамалар банкін құру жоспарланып отыр Фото: interfax.ru

"Осы жылдың қазан айында климаттық күн тәртібі аясында одаққа мүше елдердің ынтымақтастығы туралы іс-шаралардың бірінші пакеті қабылданды. Аталған "жол картасын" жүзеге іске асыру шеңберінде климаттық технологиялар мен цифрлық бастамалар банкін құру, сондай-ақ төмен көміртекті технологиялар саласында ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жоспарланып отыр", - деді ол Бішкекте өтіп жатқан отырыс барысында.

Қырғыз елі басшысының айтуынша, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы шешім қабылданды.

"Бүгінгі таңда жобаны тестілеу аяқталып, үшінші елдерден әкелінетін тауарларға ғана емес, өзара саудада өткізілетін тауарларға да қатысты навигациялық пломбаларды пайдалану туралы пилотты өткізуді бастау жоспарланып отыр", - деп атап өтті Садыр Жапаров.

Қырғыз Республикасының Президенті қызметтер нарығын либерализациялау бойынша атқарылатын жұмыстарға да тоқталды.

"Қызметтер нарығын либерализациялау бойынша жұмыс істеген кезде бизнесіміз үшін негізсіз лицензиялық және рұқсат беру талаптарын қысқарту мәселелерін пысықтауымыз қажет", - деді ол.

Айта кету керек, осыған дейін Садыр Жапаровтың ЕАЭО елдерінің басшыларына үндеу жолдағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу