ЕЭК кеңесі Қазақстанның кедергілерді жою мерзімін қызқарту туралы ұсынысын қолдады

1084

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қазақстан үш айлық меже қоюды ұсынған.

ЕЭК кеңесі Қазақстанның кедергілерді жою мерзімін қызқарту туралы ұсынысын қолдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Қазақстанның кәсіпкерліктен Комиссияға келіп түскен шағымдарды қарау мерзімін шектеу туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Atameken Business.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қазақстан үш айлық меже қоюды ұсынған болатын. Өйткені, қолданыстағы тәртіп әрдайым транспаренттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Кейбір жағдайларда шағымдар 2,5 жылға дейін қаралған.

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукованың айтуынша, комиссия кейбір кедергілер жөнінде тіпті бірнеше жыл бойы ойланып, содан кейін ғана оны жою жөнінде шешім қабылдайды екен. Сондай-ақ, вице-министр Қазақстан өзінің алкоголь өнімдерін Одаққа мүше елдердің нарығына еркін кіруіне қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу