Каир қаласының оңтүстігінде ірі жол апаты болып, 20 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға Сохаг және Асьют қалаларын жалғайтын тасжолда орын алған. Жергілікті БАҚ құралдарының ақпараты бойынша, адам тиелген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Яғни көлік жүргізушілері жылдамдықты асырып, жол ережесін сақтамаған.
Жалпы Мысыр жол құрылымы нашар елдердің қатарында . Бұл жақта бір жыл ішінде 12 мыңға жуық адам жол апатынан қаза табады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу