Екі ауданда бизнес орталығы ашылады

991

Екі ауданда бизнес орталығы ашылады

Ал Атырау облысында кәсібін енді бастаған кәсіпкерлердің мәселесі оң шешімін табуда. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының көмегімен екі ауданда бизнес орталығы ашылғалы тұр. Жаңа нысандар ауылдық аймақтыңкәсіпкерлері үшін керемет бастама болмақ. Себебі, жалға алу құны арзан, ифрақұрылымдары тартылған және тиімді жерде орналасқан. Бұл өз кәсібін бастағандардың толайым табысқа жетуіне кепілдік бермек.

Осындай бизнес орталық жақын арада Махамбет ауданында ашылмақ. Жергілікті әкімдікпен жасалған келісім бойынша, ауылшаруашылық кәсіпкерлікті дамыту үшін 450 шаршы метр нысан қарастырылған. Енді келесі жылдың басында осы жерде 50 ден астам кәсіпкер өз ісін бастайды. Олар100 жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтиды. Ал, кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге ғимарат 1 жылға дейін жеңілдікпен берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу