Өзбекстандық Олимпиада чемпиондары Улугбек Рашитов пен Хасанбой Дусматов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында екінші рет жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие болды.
Таеквондошы Улугбек Рашитов 68 келіде қарсылас шақ келтірмей, финалда иорданиялық Заид Каримнен басым түссе, 51 келідегі Хасанбой Дусматов финалда француз боксшысы Билал Беннаманы 5:0 есебімен айқын жеңді.
Осылайша, Улугбек Токиодағы жетістігін қайталаса, Хасанбой Риодағы нәтижесіне қайта қол жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу