Екі күнде 35-тен астам жүргізуші мас күйінде ұсталған

1166

Биылғы жылдың 10 айы ішінде тәртіп сақшылары көлікті масаң күйінде жүргізгені үшін 800-ге жуық жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Екі күнде 35-тен астам жүргізуші мас күйінде ұсталған

Елордалық тәртіп сақшылары 2 күнде 35-тен астам көлікті мас күйінде айдаған жүргізушіні анықтады.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Осылайша, 2 күннің ішінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 900-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Оның ішінде 35-і көлікті масаң күйінде айдағаны, 300-ге жуығы жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, 170-тен астамы жол белгiлерi немесе жолдың жүру бөлiгiндегі таңбаларда көрсетiлген талаптарды сақтамау, 60-тан астамы көлікті айдау кезінде қауіпсіздік белгісін тақпағаны анықталды.

Биылғы жылдың 10 айы ішінде тәртіп сақшылары көлікті масаң күйінде жүргізгені үшін 800-ге жуық жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Еске сала кетсек, жүргізушінің көлікті алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына бергені үшін көлік құралын басқару құқығынан үш жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу