Екі күнде 800-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

826

Жаяу жүргіншілер тарапынан 123 жол ережесін бұзу анықталып, мас күйде көлік құралын басқарған 15 жүргізуші анықталды.

Екі күнде 800-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Павлодар қаласында екі күн ішінде 800-ге жуық жол ережесін бұзу анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше екі күні ішінде қала жолдарында жергілікті полия қызметінің қызметкерлерімен  800-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды.

"Тіркелген бұзушылықтар ішінде, 158 - і қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, 112 -і рөлде отырғанда ұялы телефон қолданған, 111 – і жылдамдықты асырған, 25 – і жаяу жүргінші қозғалысында жол бермеген және екеуі қарсы жол қозғалысы жолағына шыққан, - деді баспасөз қызметінде. -Сонымен қатар,  жаяу жүргіншілер тарапынан 123 жол ережесін бұзу анықталып, мас күйде көлік құралын басқарған 15 жүргізуші анықталды".

 Жергілікті полиция қызметі барлық жол қозғалысы қатысушыларын ережелерді бұзбай, өздерінің және басқа да адамдардың өмірін қауіп төндірмеуін сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу