Екі облыс пен екі қалада құрылыс қарқыны баяу жүріп жатыр

874

3,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Екі облыс пен екі қалада құрылыс қарқыны баяу жүріп жатыр

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қаңтар, сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасады. 

Министр осыған дейін өткен 4 айда құрылыс қарқыны 5,5% ұлғайғанын жариялады. 

"Түркістан, Қарағанды облыстарында құрылыс ерекше қарқынмен жүріп жатыр. Ал Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында керісінше, көрсеткіш төмендеп кетті", – деді министр.

Оның айтуынша, тұрғын үйлерді қолданысқа беру бойынша 10 өңірде оң нәтиже байқалады. 

"Жыл басынан бері 3,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұнда 10 өңір өсім көрсетті. Алматы, Жамбыл облыстарында жоғары өсу қарқыны тіркелді", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу