Екі оқушы мен мұғалімнің өліміне себепкер болған көлік жүргізушісінің ісі сотқа түсті

607

Бұл оқиға өткен жылдың желтоқсан айында, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында болды. 

Екі оқушы мен мұғалімнің өліміне себепкер болған көлік жүргізушісінің ісі сотқа түсті Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаменті

Жаныс би ауылынан шыққан "Toyota Alpard" көлігінде оныншы және он бірінші сыныпта оқитын бес оқушы мен мектеп директорының орынбасары болған еді. Олар аудан орталығында өтетін пәндік олимпиадаға бара жатқан. Алайда, көлік құралы Құрылыс ауылының маңында қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

Үш адам сол жерде қайтыс болды. Үш оқушы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі қамауға алынды. Облыстық соттың баспасөз қызметі бүгін аталған оқиғаға қатысты істің сотқа түскенін хабарлады.

"Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екіден көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша, яғни, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен тағайындалған алдын ала сот тыңдауы 23-ақпанда өтеді", - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндетова.

Дәл осындай оқиға өңірде бір жыл бұрын да болды. Темір ауданынан облыс орталығына бағыт алған "Тайота Естима" көлігі аударылып, волейбол жарысына келе жатқан 8 оқушы мен жаттықтырушы зардап шеккен болатын.  Бір оқушы оқиға орнында қаза тапқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу