Екі оқушы мен мұғалімнің өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты алғашқы сот отырысы өтті

413

Ырғыз ауданында екі ай бұрын болған жол апаты кезінде үш адам жан тапсырған болатын. 

Екі оқушы мен мұғалімнің өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты алғашқы сот отырысы өтті Фото: Әзиз Жанұзақ

Олар пәндік олимиадаға бару үшін "Toyota Alpard" көлігімен Жаныс би ауылынан шыққан. Автокөлік жолда қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл оқиғадан кейін жүргізуші қамауға алынған еді. Бүгін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алғашқы сот отырысы өтті. Көлік жүргізушісі "Екіден көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу" фактісі бойынша, яғни, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен айыпталып отыр. Сотқа оның туыстары да келді. 

"Заңнан асып қайда барамыз? Қателіктер болды. Қателік демеске амал жоқ, өйткені көлікте өзінің туған қарындасы да бар еді ғой. Топырақ та сала алмады  қарындасына. Бір үйдің екі баласы. Басқаларымен де ағайынбыз, іргелес көршіміз.  Жаныс би деген кішкентай ауыл  ғой жатқан. Үш үйдің шаңырағы ортасына түсті. Бұл сынаққа көндік", - дейді айыпталушының әпкесі Гүлбану Шамшадинова.

Айыпталушы да Жаныс би ауылындағы мектепте жұмыс істеген. Қаза болған екінші оқушы "Алтын белгіден" үміткер болыпты. Оның ата-анасы пікір білдірген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу