Екібастұз жанармай құю станциясындағы жарылыстан кейін жас жігіт қаза тауып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Екібастұз әкімдігінде қылмыстық іс ҚР ҚК 2-бөлігі 281-бабы — абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жарылыс қаупі бар объектілердегі қауіпсіздік ережелерін бұзу, сондай-ақ ҚР ҚК 2-бөлігінің 292-бабы — адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша жүргізілгені туралы хабарланды.
Сонымен қатар, Екібастұз әкімдігінің қаулысымен қаладағы 23 автожанармай құю және 11 газ станциясының қызметін тексеретін мониторингтік топ құрылды.
Кеше Екібастұздағы автогаз құю бекетіндегі өрт болып, бір адамның денесі табылғанын еске саламыз.