Бүгін, 26 шілдеде сағат 13:24 шамасында Екібастұз қаласы Қонаев 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған.
Өрт жақын маңдағы "Феруза"азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді.
Сағ.15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Анықталуда.
Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м-ден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұздағы автогаз құю бекеті өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.