Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 наурызда сағат 07.50 шамасында М. Әуезов көшесімен жүріп келе жатқан Lada маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей BMW көлігімен соқтығысқан.
"Салдарынан екінші көлік ғимаратта орналасқан банкоматтардың қоршауына барып соғылған", – деп хабарлады департамент өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу