Екібастұзда көлік қаққан зейнеткер көз жұмды

505

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Екібастұзда көлік қаққан зейнеткер көз жұмды Фото: google

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні  сағат 12.00-де Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 151 "В" үйдің ауласында 32 жастағы ГАЗ-33021 маркалы автомашинаның жүргізушісі артқа қарай жүрген кезде 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды  inbusiness.kz  Рavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылып, сол күні кешке  алған дене жарақаттарынан қайтыс болды", деді департаментте. 

ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 96 ЖКО тіркеліп, 11 адам қаза тапты, 138 адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу