Екібастұздағы екінші ЖЭС Қазақстанның бақылауына өтті

973

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры ресейлік "Интер РАО" компаниясына тиесілі болған 50 пайыздық акцияны сатып алды.

Екібастұздағы екінші ЖЭС Қазақстанның бақылауына өтті

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ресейлік "Интер РАО" энергетикалық компаниясынан "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-ның 50 % акциясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. Осылайша, маңызды электрэнергия активі Қазақстанның бақылауына толығымен өтті, деп хабарлады ұлттық қор.

Айта кеткен жөн, "Самұрық-Энерго" АҚ мен "Интер РАО" ЖАҚ акциялары тең негізінде иелік еткен Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны 2005 жылы құрылды. Қазақстан тарапы үшін қоғам қызметінің басым бағыты станцияны кеңейту және қайта құру шеңберінде 636 МВт болатын үшінші энергоблокты орнату болатын.

2009 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде "Екібастұз МАЭС-2" АҚ "Екібастұз МАСЭС-2 №3 энергоблогының құрылысы" жобасын іске асыруға кірісті. 2010 жылы тиісті жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Осының негізінде "Екібастұз МАЭС-2" АҚ –ның 50 % үлесті сатып алу туралы шешім қабылданды.

"Станцияны толық бақылау жән 3-ші энергоблокты сату жөніндегі жобаны іске асыру еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға ықпал ететін болады",– дейді "Самұрық-Қазына" қорынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу