"ЕкібастұзЖылуЭнерго" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі көлік салонынан мәйіті табылған Сергей Видлогтың учаске бастығы лауазымында жұмыс істегенін растады.
Қалалық полиция басқармасындағылар аталған факт тіркеліп, қазір тексеру жүріп жатқанын хабарлады.
Ал жалпы мұз құрсауында қалған қаладағы төтенше жағдай режимі қашан алынады? Екібастұз әкімі жедел штаб ұйымдастырған баспасөз мәслихатында шаһардағы төтенше жағдай режимінің әлі де сақталып тұрғанын жеткізді.
Барлық жұмыс біткен соң ғана тиісті шешім қабылданады, - деді Аян Бейсекин.
Еске салса кетсек, 28-ші қарашада Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды. "Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес, қала аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі", - деген хабар таратқан еді қала әкімдігі.