Екінші тоқсанда офлайн оқуға көшеміз бе?

2738

ДСМ орта білімді жаппай мектепке көшіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Екінші тоқсанда офлайн оқуға көшеміз бе? Фото: astana.gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектептерде офлайн сабақты жандандырудың мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

"Біз қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Бір жағынан әрбір өңір бойынша оқушылардың арасында ауруды анықтау жүріп жатыр. Офлайн жүйеде мектепке келіп, білім алып жатқан оқушылар онлайн жүйе арқылы үйден оқып жүрген балаларға қарағанда екі есе жиі ауырады. Білім министрлігімен бірге дайындаған тәсілдеріміз бар. Ол тәсіл осындай сыныптарда білім алу мүмкіндіктерін қарастырған. Екінші тоқсанда сабақ қандай форматта жүргізілетінін талқылап жатырмыз", – деді министр. 

Ресми дерек бойынша оқу жылы басталғаннан бері кезекші сыныптарда офлайн білім алған 73 бала коронавирус жұқтырған. Вице-министр Ажар Ғинаят сол балалардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.

"Бүгінде  оқушылардың коронавируспен ауырған 184 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 73 оқушы кезекші сыныптарда оқыған. Өңірлер бойынша айтсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы 17 мектепте 21 жағдай тіркелді. Бұлайша нақтылап отырғаным, әр мектепте 1-2 жағдайдан анықталған. Солтүстік Қазақстанның 11 мектебінде 15 жағдай, өзге өңірлерде 1-2 жағдайдан байқалды. Ауыр дәрежеде науқастанған балалар жоқ. 73 баланың бүгінде 12-сі стационарлық ем алып жатыр. Жағдайлары орташа ауыр дәрежеде", – деді Ажар Ғинаят.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу