Экологиялық кодекс жеті қағидатқа негізделеді

1609

Бұл туралы қаулы қабылданды.

Экологиялық кодекс жеті қағидатқа негізделеді

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Экологиялық кодекс жобасына қорытынды әзірлеу туралы қаулы қабылданды. Экология мәселелері және табиғатты падалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский бұл кодекс жеті қағидатқа негізделетінін айтты.

"Экологиялық кодексте Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) тәжірибесіне сүйене отырып, экология саласын басқарудың жаңа тәсілдері қарастырылды. Ол  тәсілдер жеті қағидатқа негізделеді. Бірінші қағидат – қаражатты ластаушы төлейді, әрі қалпына келтіреді. Екінші –қоршаған ортаға әсерді жаңаша бағалау. Үшінші – ең үздік қолжетімді технологиялар арқылы экономикалық тұрғыда ынталандыру шараларын енгізу. Төртінші – табиғатты қорғау шараларына эмиссиялық төлемдер үшін бюджет қаражатын мақсатты жұмсау. Бесінші – зиянды заттарды шығаруды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесін құру. Алтыншы – мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру. Жетінші – өндіріс шығындарын басқару мен тұтынуды жетілдіру. Соның ішінде бұған өндіріс қалдықтарын өңдеу де жатады", – деді комитет төрағасы. 

Глеб Щегельский экологиялық кодекс жобасын қабылдау, экологияны жақсатртуға әсер ететінін тілге тиек етті.

"Бұл жеті қағидаты жүзеге асыру атмосферадағы ауа мен су ресурстарының жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, осы шаралар қоқыс қалдықтарын өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны қабылдау құқықтық, әлеуметтік-экономикалық зардаптарға әкелмейді. Республикалық бюджеттен қосымша қаржы талап етпейді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу