Экс-министр Марат Бекетаев елден қашпақ болған жерінен ұсталды

364

Бұл туралы ҚР Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.

Экс-министр Марат Бекетаев елден қашпақ болған жерінен ұсталды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев елден қашпақ болған жерден ұсталды. Бұл мәліметті Бас прокуратура растады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Шынында да, Бекетаев елден қашуға әрекеттенбек болған кезде ұсталды. Басқа ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректеріне жатады. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды", - деп қысқа қайырды Әсет Шындалиев Сенат отырысынан кейінгі брифингте.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу