Экс-вице министр коронавирусты өңірлерге барғанда жұқтырған болуы мүмкін

906

Камалжан Надыров жұмыс сапарымен Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында болған.

Экс-вице министр коронавирусты өңірлерге барғанда жұқтырған болуы мүмкін

Коронавирустық инфекция жұқтырған Камалжан Надыров бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде жұмыс сапарымен болған, деп мәлімдеді Алматының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Жандарбек Бекшин. 

"Камалжан Надыров жұмыс сапарымен Қарағанды облысы, Жамбыл облысына барған. Кейін Алматы облысында болған. Сонымен қатар Алматы қаласына келген. Қазір дәл осы алгоритм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің барлық қызметкері, онымен байланыста болғандардың барлығы коронавирустық инфекцияға тест тапсырды. Алайда оның қорытындысы әлі шыққан жоқ, алдағы уақытта шығады", – деді Жандарбек Бекшин.

Еске сала кесек, 21 сәуір күні Камалжан Надыров Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылып, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы қызметіне тағайындалды. Алайда бүгін оның індет жұқтырғаны белгілі болды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу