Эквадор президенттігініе үміткердің өлімі бойынша 6 күдікті ұсталды

375

Олардың барлығы да Колумбия азаматтары екені анықталды. 

Эквадор президенттігініе үміткердің өлімі бойынша 6 күдікті ұсталды Фото: www.aa.com.tr

Эквадор президенттігіне үміткер Фернандо Вильявисенсьоның өлімі бойынша алты күдікті ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, күдіктілер Эквадор астанасындағы үйлердің бірінде жасырынған.

Рейд жүргізу барысында көлік, мотоцикл, оқ-дәрілер, оның ішінде тапаншалар мен гранаталар тәркіленді.

Эквадор президенттігіне үміткер Фернандо Вильявисенсьо 9 тамыз күні сайлау алдындағы науқаннан кейін өлтірілді.

Осы оқиғадан кейін Эквадор президенті Гильермо Лассо 2 айға елде төтенше жағдай жариялады.

Айта кету керек, Эквадорда мерзімінен тыс президент сайлауы 20 тамызға белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу