Эквадорда төтенше жағдай режимі енгізілді

497

Оған президенттікке үміткер Фернандо Вильявисенсьоның өлтірілуі себеп болды.

Эквадорда төтенше жағдай режимі енгізілді Фото: RT

Эквадор басшысы Гильермо Лассо елде 2 ай мерзімге төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы испаниялық БАҚ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Гильермо Лассоның сөзінше, ТЖ режимі эквадорлықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, оққа ұшпас бұрын Фернандо Вильявисенсьоға түрлі қоқан-лоққы көрсетілген. Саясаткер сайлау алды науқанға орай өткізілген іс-шарада қаза тапты. Сайлаушылармен өткен кездесуде елдегі жемқорлықтың тамырына балта шауып, "ұрыларды" түрмеге жіберетінін мәлімдеген.

Жалпы Эквадор президенттігіне сегіз азамат үміткер болды. Соның бірі Фернандо Вильявисенсьо еді.

Полиция аталмыш кісі өлтіру дерегін террорлық шабуыл деп атады. Эквадордың Бас прокуратурасы осы оқиғаға қатысы бар күдікті алған жарақатынан көз жұмғанын хабарлады.

Эквадорда президент сайлауы 20 тамызда өтеді.

Айта кету керек, осыған дейін Эквадор президенттігіне үміткер Фернандо Вильявисенсио сайлау алдындағы науқаннан кейін өлтірілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу