ЕҚЫҰ-ның америкалық өкілдері Донбасстан кете бастады

1341

Ұйым бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

ЕҚЫҰ-ның америкалық өкілдері Донбасстан кете бастады

ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) миссиясының америкалық қызметкерлері Донецктен көлікпен кете бастады, деп жазады inbusiness.kz Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"ЕҚЫҰ жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ", – деп хабарлады агенттік.

Бұған дейін АҚШ билігі Украинадағы елшілік қызметкерлерін "шиеленістің артуына" байланысты кері шақырту туралы шешім қабылдаған болатын. Сондай-ақ қызметкерлерінің бір бөлігі Львовқа ауыстырылды. 

Еске сала кетсек, соңғы айларда Батыс Мәскеуді "Украинаға басып кіруге дайындалып жатыр" деп айыптап, Ресей әскерлерінің көрші мемлекетпен шекараға шоғырлана бастағанын хабарлады. 

Ресейдің Украинаға басып кіру қаупі күшейген шақта, Донбасста Украина армиясы мен ресейшіл сепаратистер арасындағы шиеленіс қайта ушығып отыр. Мұнда сегіз жылға жуық шайқаста 14 мыңнан астам адам қаза тапты. Ал бейсенбі күнгі қақтығыстардан кейін Мәскеу бұл ахуалды басып кіруге сылтау ретінде пайдалануы мүмкін деген алаңдаушылық туындап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу