Қазақстан экономикасын артқа тартып отырған өңірлер аталды

239

Өңір әкімдері қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін іс-шараларды қабылдауы тиіс. 

Қазақстан экономикасын артқа тартып отырған өңірлер аталды Фото: canva.com

Премьер-министр Олжас Бектенов негізгі макрокөрсеткіштер бойынша артта қалған өңірлерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары, Астана және Шымкент қалалары өсуді қамтамасыз етті. Ең төмен көрсеткіштер Атырау, Ұлытау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында. Аталған өңір әкімдері қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін тиісті іс-шараларды қабылдасын. Сонымен қатар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру үшін тың тәсілдер қажет. Бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын жүйелі үйлестіруді қамтамасыз ету керек", - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа осы мәселелерді өңірлермен бірге пысықтау жүктелді.

Үкімет басшысының сөзінше, қазіргі жағдайда экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бағытында белсенді шаралар қабылдауы қажет.

Айта кету керек, осыған дейін жыл басынан бері ел экономикасы 4,4 пайызға өскенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу