Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев электрондық сауданың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Интернет арқылы өткізілген негізгі тауарларға үй тауарлары, киім, аяқ киім, тамақ өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер жатады.
"2022 жылдың қорытындысы бойынша электрондық сауда қызметтері нарығының көлемі 1,2 триллион теңге болған, оның 50,3%-ы жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі. Өткен жылдың 11 айында электрондық сауда көлемі шамамен 2,183 триллион теңгені немесе бөлшек көлемінен 13% құрады. 2023 жылдың нәтижесінде жоспарланған электрондық сауда үлесі 13,2% құрауы тиіс. Министрліктің алдында электрондық сауданың үлесін 2030 жылға қарай жиырма пайызға дейін жеткізу міндеті тұр", - деді министр Үкімет отырысында.