Ел тұрғындарының 57%-дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды - ДСМ

586

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен ересек тұрғындардың шамамен 81,1%-ы қамтылды. Бұл ел тұрғындарының 57%-дан астамы деген сөз. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Ел тұрғындарының 57%-дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды - ДСМ Фото: inbusiness.kz

"Республикада халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасуда. Бүгінде КВИ-ге қарсы вакцинациямен ересек тұрғындардың шамамен 81,1%-ы немесе ел тұрғындарының 57%-дан астамы қамтылды. Бастапқы ревакцинациядан 5,7 млн адам, қайта ревакцинациядан 1,2 млн адам өтті", - деп атап өтті вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ведомство өкілінің сөзінше, тәулігіне орта есеппен бірінші  ревакцинациядан – 2600 адам, қайта ревакцинациядан – 4300 адам, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан 120 адам өтеді.

"Қазіргі таңда елімізде QazVac, Sinofarm және Pfizer вакциналары қолжетімді. Атап айтқанда, QazVac – 98 мың доза, Sinofarm – 306 мың доза,  Pfizer – 71 мың доза", - деді Айжан Есмағамбетова.

Еске салайық, осыған дейін желтоқсан айында коронавирустық инфекциядан 4 науқас қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу