Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА құрметті төрағасы лауазымына Елбасының кандидатурасын ұсынды.
"Құрметті Елбасы, сізге ұсынысымыз бар. ҚХА-ның құрметті төрағасы болыңыз. Сізге бұл мәртебе лайықты. Халық пен мемлекеттің алдында еңбеңіз сіңді. ҚХА-ның барлық мүшесі бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін", – деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX cессиясында.
Айта кетейік, осыған дейін Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы қызметін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергені хабарланған еді.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу