Елбасы СҚО-ға қоныс аударғандарға арналған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

681

Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.

 Елбасы СҚО-ға қоныс аударғандарға арналған тұрғын үйлердің  құрылысымен танысты

Мемлекет басшысы СҚО-ға сапарында Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.

"Менің Алматы қаласының маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен кеттім. Осындай шешім қабылдап, мен түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар", – деді Қазақстан президенті.

Соңында елбасы ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.

Жалпы 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 900 адамнан тұратын 235 отбасы көшіп келген. Барлығы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Олардың көшіп келуіне және шығындарын өтеу үшін 1 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу