Елбасы туралы заңның күшін жою жөніндегі комиссия құрамына кіретін депутаттар анықталды

528

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Конституциялық заң жобасына қатысты парламентарийлердің ұсыныстарын қарау үшін комиссия құрамына Мәжіліс депутаттарын сайлау мәселесі қаралды, деп жазады inbusiness.kz. 

Елбасы туралы заңның күшін жою жөніндегі комиссия құрамына кіретін депутаттар анықталды Фото: tengrinews.kz

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша бірлескен комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы" мәселе бойынша  Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов баяндама жасады.

Конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына Мәжілістен келесі депутаттарды: Бекжанов Берік Айдарбекұлы; Ерубаев Серік Сәрсенұлы; Смайлов Ерлан Валерийұлын ұсынамыз. Сонымен қатар, депутат А.Т. Қожахметовты Парламент Мәжілісінің атынан бұл заң жобасы бойынша қосымша баяндамашы ретінде белгілеуді ұсынамыз", деді Арман Қожахметов.

Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Арман Қожахметовтың ұсынысын қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу