Елбасының жарлығымен бірқатар тұлға атақ пен шен алды

1244

Елбасының жарлығымен бірқатар тұлға атақ пен шен алды

2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының президенті бірқатар тұлғаға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, генерал-лейтенант әскери атағы Жанжүменов Талғат Жеңісұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына, Өсіпов Марат Сапарұлына; сыртқы барлау генерал-лейтенант арнаулы атағы Байжанов Ғабит Жақыпбайұлына; 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлына; генерал-майор әскери атағы Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлына, Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына, Бочаров Дмитрий Владимировичке, Көпбаев Қайрат Рашидұлына, Қалиев Арман Зарлықұлына, Ізтілеуов Серік Бақытжанұлына; авиация генерал-майоры әскери атағы Подгайский Евгений Евгеньевичке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Оңғарбаев Сабыржан Ибрагимұлына, Рақымбердиев Бақытбек Төлешұлына; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Оразов Нұрлан Оразұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы Абисатов Махамбет Хайыржанұлына, Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына, Қабденов Мұрат Талапұлына, Сүлейменов Жанат Қуанышұлына; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Дембаев Болат Бекназарұлына, Жылқыбаев Азамат Сембайұлына; 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Әзбергенов Дулат Байдалыұлына берілді. 

Жарлық мәтіні баспасөзде жарияланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу