Елде алаяқтықпен айналысқан 180-нен аса компанияның қызметі тоқтатылды

4337

ІІМ дерегінше, елде алаяқтық қылмысының саны артқан.

Елде алаяқтықпен айналысқан 180-нен аса компанияның қызметі тоқтатылды

Қазақстанда тұрғындарды алдаған 180-нен аса компанияның қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2021 жылы ішкі істер органдары сотқа 213 қылмыстық істі жіберген, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 149 болған.

"Сайтты бұғаттау, ұйымдастырушылар мен құрылымдық бөлімшелердің филиалдарын анықтау сынды шаралар қабылданды. 180-нен аса инвестициялық компаниялар мен фирмалардың қызметі тоқтатылды. (Қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін – автор) 126 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 38-і сотталды. Қалғандарына қатысты іс сотта қаралып жатыр", – деді Санжар Әділов ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салғанын атап өтті. Оның ішінде жеке үйлер, жер телімдері, көліктер, бизнес кешендері және тағы басқа бар.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу