Елде үйді рәсімдеу жеңілдемек

1847

Тұрғындар жылжымайтын мүлікті онлайн режимде сатып ала алады. 

Елде үйді рәсімдеу жеңілдемек

Қазақстандықтар үшін үйді рәсімдеу жеңілдейді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өндіріс министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Министрдің айтуынша, баспана алу қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. 

"Құрылыс компаниясынан мүлікті сатып алу және сату тәртібін онлайн аудару сізге құрылыс компаниясы, банк, нотариус және халыққа қызмет көрсету орталықтары арасында жүрмей-ақ қолжетімді тәсілдермен тұрғын үйді рәсімдеуге мүмкіндік береді. Пандемияға қарамастан жылжымайтын мүлік сатылымы тұрақты өсіп жатыр. Жыл басынан бері қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 900 мыңнан аса және нотариус арқылы 700 мың рет баспана рәсімдеген – бұл клиент тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу үшін 3 млн-нан аса рет түрлі органға барғанын көрсетеді", – деді Бағдат Мусин. 

Ол блокчейн технологиясын енгізудің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу және оны кепілге қою процесі жеделдейтінін айтты. 

"Өздеріңіз білетіндей, тұрғын үйді бір адамнан екінші адамға беруге, мұрагерлікке беруге немесе қайта жазуға болады. Біз құрылыс компаниясынан бастапқы тұрғын үйді сату және сатып алу жағдайын таңдадық", – деді министр. 

BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев жылжымайтын мүлікті сатып алудың түбегейлі жаңа тәсілін енгізілгенін атап өтті. 

"Біз пәтер сатып алуға 10 күнге дейін уақытын жұмсаған қазақстандықтардың санасын өзгерткіміз келеді. Енді клиенттер 15 минут ішінде блокчейн жүйесі арқылы транзакцияны аяқтап, сатып алу келісіміне қол қоя алады. Бұл қазақстандық тұрғын үй нарығындағы серпіліс", – деді басшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу