"БҰҰ жанындағы халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады", - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Бағдат Мусин бүгінде тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатқанын атап өтті.
"Кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды 2 елге бірдей бекітілген. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде елімізге дербес +997 коды бекітілді", - деді ведомство басшысы.