Елдегі балабақшалардың 69%-ы қазақ тілінде білім береді

645

Осыдан 2 жыл бұрын мемлекеттік тілде тәрбие беретін балабақшалардың үлесі 65 пайыз болған. 

Елдегі балабақшалардың 69%-ы қазақ тілінде білім береді Фото: norma.uz

Бұл туралы Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, 2022-2023 оқу жылында қабылданған нормативтік құжаттардың негізінде бағдарламаға қосымша сөздік минимумы әзірленген.

Тілші министрлік өкілінен "Балабақшалар 100 пайыз мемлекеттік тілде білім беруге қашан көшеді?" деп сұрады.

"Мұның артында әрбір баланың тағдыры бар, әр ата-ананың сұранысы бар. Сондықтан да бұл бір күнде іске асырылатын нәрсе емес. Алдағы уақытта ата-аналардың тарапынан балабақшаларда олардың баласына қай тілде тәрбие қажет осыған байланысты бұл сұраныстың барлығы кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. (...) 100 пайызға жететін уақыт та келеді. Енді ол алдағы үш жыл бола ма, бес жыл бола ма – оның барлығы уақыттың еншісінде. Бұл қоғамның, ата-аналардың дайындығына да байланысты. Мұның барлығы кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бірінші қадам жаңадан ашылып жатқан балабақшалардың барлығының мемлекеттік тілде болуы, екінші қадам аралас тілде тәрбиелейтін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында алдыменен қазақ тілді топтарды ата-аналардың сұранысына сәйкес көбейту, негізгі тілдік ортаны қазақ тілді етіп қалыптастыру – осылай қадаммен жүзеге асырылатын нәрсе", - деп жауап берді спикер. 

Еске салайық, осыған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекеттік балабақшаларды қазақ тіліне көшіру мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу