Мемлекеттік балабақшалар қазақ тіліне көшіріле ме? – министр жауабы

1825

Елімізде 5 мыңнан аса мемлекеттік балабақша бар.

Мемлекеттік балабақшалар қазақ тіліне көшіріле ме? – министр жауабы Фото: google.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекеттік балабақшаларды қазақ тіліне көшіру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда 11 мыңнан аса балабақша бар. Оның тең жартысы мемлекеттік балабақшалар. Сондықтан жалпы ашылатын орынды, қажеттілікті де көріп отырмыз. Қазақ тіліндегі балабақшаларға қажеттілік те, сұраныс та бар. Жалпы мемлекеттік балабақшалардың барлығын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесін толыққанды іске асыруға болады деп есептейміз. Бүгінде бұл мәселемен мектепке дейінгі білім беру департаменті айналысып жатыр", - деді ол Үкімет кулуарында.

Ведомство басшысы мемлекеттік тілде балабақшаларды ұйымдастыру ешқандай қиындық туғызбайды деп есептейтінін жеткізді. 

"Өйткені тәрбиешілердің жеткілікті саны бар. Сұраныс та бар. Мамандардың сапасына қатысты оларды оқытудан өткізу, дайындау, қосымша мамандар, логопедтер керек. Солардың бәрін дайындау мәселесі қазір қосымша қолға алынады", - деп атап өтті министр.

Тілшілер бұл жұмыс қашан аяқталатынын сұрады.

"Үздіксіз жүретін дүние ғой. Бұл жұмыс басталып жатыр. Балабақшалар ашылған сайын оның қазақ тілінде болуы қамтамасыз етіледі", - деп түйіндеді Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу