Елдегі электронды сауда алаңдарында бәсеке жоқ

343

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жасаған талдау нәтижесі осындай.   

Елдегі электронды сауда алаңдарында бәсеке жоқ Фото: gov.kz

Тауарларды бөлшек саудада өткізу мақсатында электрондық сауда алаңдарына кіруді қамтамасыз ету қызметтеріне шолу жасалды. Оған сай негізгі қызметтің басым бөлігін "Kaspi дүкен" мен Wildberries көрсеткені анықталды. Бұл нарық заңмен реттеледі.

"Шоғырлану коэффициент мәндеріне сәйкес зерттелетін қызметтер  мәні дамымаған бәсекелстік пен жоғары шоғырланған болып табылады. Нарық субъектілерінің құрамына 9 электронды алаңы кірді. Талдау қорытындысы бойынша 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында "Kaspi дүкен" мен Wildberries жиынтық үлесі бойынша 50 пайыздан астам үстем жағдайға ие екені анықталды", - дейді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қаржы нарықтары департаментінің директоры Асылхан Сүйіндіков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу