Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі таңда сапалы интернетпен мектептердің 85 пайызы қамтылып отыр. Жоғары жылдамдықты дегеніміз кемінде секундына 20 Мбит. Себебі бұған дейін бұл көрсеткіш секундына 4,8 Мбит болған еді. Бүгінде алыс шалғайдағы 94 ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр, бұл мәселе қазір Цифрлық даму министрлігімен бірлесе шешіліп жатыр. Негізгі себеп 94 мектептің шекаралық аймақта орналасуында. Ол жерге Starlink-ті жеткізіп көрдік, бірақ шекарада орналасқандықтан, оның жұмыс істеу мәселесінде кедергілер бар екенін көріп отырмыз", – деді Ғани Бейсембаев тілшілердің сауалына берген жауабында.
Министр бұл мәселені басқа жолмен жағы шешу пысықталып жатқанын айтты.
Тағы 136 ауылдық мектепке талшықты-оптикалық желі тарту мәселесі шешілуде.
Айта кету керек, осыған дейін 1731 мектепте Starlink спутнигі орнатылғанын жазғанбыз.